*"Алтын сақа" олимпиадасы!
Мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы ұйымдастырылды! Бұл білім додасы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, математикалық сауаттылықтарын арттыруға бағытталды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Олимпиада нәтижелері бойынша үздік оқушылар іріктеліп, келесі кезеңге жолдама алды. Барлық оқушыларға алғыс айтамыз және жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!