22
февраль
2020
"Үздік жас маман -2020"
Шымкент қаласы №28 жалпы орта білім беретін мектебінде "Үздік жас маман -2020" атты байқауы жас мамандар арасында өткізілді. Бұл іс-шараның жас маманға берері мол. Байқаудың мақсаты: жас мамандардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Қатысушы жас мамандар түрлі номинациялармен марапатталды. Бас жүлдеге математика пәнінің мұғалімі Оңалбаева Шолпан Ерғалиқызы, I орын - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сүлеймен Шырын Жұмабайқызы, II орын - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бимахан Асылзат Полатханқызы, III орын - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сапаров Қуаныш Тәңірбергенұлы ие болды.
Жас мамандардың білімге құштарлығы, шеберлігі арта берсін.
Опубликовано Двадцать Восьмая Осш Понедельник, 24 февраля 2020 г.