01
апрель
2020
Пән мұғалімдері оқушылармен ватсап желісі арқылы сынама сабақтарын өтті.
1.04 күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 ЖОББМ әкімшілігі мен мұғалімдері сынама сабақтар өткізді. Оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары 1-11 сынып аралығында тәрбие сабақтарын жоспар бойынша барлық сыныптарға өткізді. Тәрбие орынбасарлары сынып жетекшілермен zoom бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, алдағы уақытта жасалуы тиіс жұмыстарды талқылады. Пән мұғалімдері оқушылармен ватсап желісі арқылы сынама сабақтарын өтті. Алдын ала дайындалған видео сабақтар арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Zoom бағдарламасы өте баяу жұмыс жасағанына байланысты пән мұғалімдері алдын ала құрылған топтарда ватсап желісі арқылы тікелей эфирге шығып, сабақ өтті. Ватсап желісі арқылы жұмыс жасаған кезде оқушылар толықтай қамтылды.

Опубликовано Двадцать Восьмая Осш Среда, 1 апреля 2020 г.