#OnlineMektep2020 @BILIM Land » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2020

#OnlineMektep2020 @BILIM Land

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№28 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі» BILIM Land платформасындағы «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауына қатысатындығын жариялайды.
-       Бүгінгі таңда онлайн білім алу арқылы ілгері даму мүмкіндігі мол. Осындай онлайн білім беруді оңтайлы ұйымдастыра білген платформалардың бірі – BILIM Land платформасы. Мұндағы орта білім беруге арналған жаңартылған бағдарламаға сәйкес әзірленген мектеп пәндерінің интерактивті сабақтары оқушыларға білім беруде мұғалімдер үшін таптырмас құралға айналған.   
-      Қазіргі уақытта мектебіміздің оқушылары OnlineMektep.kz  арқылы білім алуда. Мектеп әкімшілігінің алдын ала түзген сабақ кестесі мен BILIM Land платформасының білікті мамандары дайындаған сабақтары бойынша оқушыларымыз өздеріне ыңғайлы уақытта оқу тапсырмаларын орындауда. Орындалған оқу тапсырмаларының сапасын, оқушының жіберген қателерін, оның жинаған балын жалпы мониторинг бетінен көруге болады. Бұл өз кезегінде, оқушыға тиімді кері байланыс берудің керемет мүмкіндігі. OnlineMektep.kz платформасының мониторинг бетінен алған оқушы бағасы және қосымша берілген тапсырмалардың нәтижесі қосылып, қорытынды баға kundelik.kz журналына қойылады. Бұл білім берудің асинхронды форматы бойынша.  Ал, онлайн білім берудің синхронды форматында  жаңа тақырыпты түсіндіру үшін немес  оқушының өз бетімен оқуына қиындық тудыратын тақырыптарды талқылау үшін мұғалімдеріміз видеоконференция ұйымдастыру арқылы тікелей эфирге шығады.
-       Бұдан бөлек, қосымша білім алуды көздейтін алғыр оқушыларымыз BILIM Land платформасындағы түрлі пәндер бойынша құрылған білім дамыту видеоларын көріп, тапсырмаларын орындауда. 
-     Жалпы алғанда мектеп оқушылары мен мұғалімдері осы платформада берілген барлық дамытушы тапсырмалар мен интерактивті тапсырмаларды кеңінен қолданып, өз пайдаларына асыруда. #OnlineMektep2020 @BILIM Land





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив