10
август
2021
«Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-кодты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебі 2021-2022 оқу жылына дайындықты бастап кетті. Мектебімізге пандемияға байланысты, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау мақсатында “Ashyq” қосымшасы орнатылды.«Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-кодты ұялы телефондағы бағдарламамен сканерлеу арқылы көрсетілген тәуекел рейтингісімен кіреді.
QR-кодтағы түстер:
Жасыл – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткенін;
Көк – ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 жұқтырушымен байланыспағанын;
Сары – дерек базасында коронавируспен ауырған адаммен байланыста болғанын;
Қызыл – COVID-19 бойынша оң нәтижемен тіркелгенін білдіреді.
- Оқшаулауға жататын келушілерді «сары», «қызыл» мәртебесіне сәйкес анықтаған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерін хабардар ету қажет. Жоба қауіпсіз орта құруға және келушілерді вирустың таралу қаупінен қорғауға бағытталған.



