31
май
2022
«Буллинг пен Кибербуллинг»
Шымкент қаласы № 28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Буллинг пен Кибербуллинг» тақырыбында ата-аналармен психологиялық-педагогикалық тренинг өткізілді. Мақсаты:Буллинг және кибербуллингті мектеп оқушылары арасында болдырмау және алдын алу.
Тренингті «Сеніммен Болашақ» Республикалық ата - аналар қоғамының бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының басшысы,психолог Ақбаян Жақыпова , Шымкент қаласы бойынша филиал басшысы Көпеев Асқар Досболұлы өткізіп, қатысушыларға бала тәрбиесінде ата- аналар жауапкершілігін арттыру ,бала құқығы мен қауіпсіздігі туралы жан-жақты түсіндірді.




