07
ноябрь
2024
"Ұрпаққа Аманат" жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына орай , АӘД пәні мұғалімі Н.Әбдірахман және педагог-ұйымдастырушы Г.М.Рахманованың ұйымдастыруымен "Ауғанның от жалыны " Ардагер ағаларымызбен кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.