19
февраль
2025
"ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА!" ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
№28 жалпы орта білім беретін мектебінде, Шымкент қаласы әдістемелік орталығының 17.02.2025 жылғы №322 хаты негізінде "Тазалықты өзіңнен баста!" тақырыбында 2-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясын ұйымдастыру мақсатында өткізілді. Мақсаты-балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету. Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой – өрісін дамыту.Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.