11
июнь
2025
Күлкі мен шаттыққа толы күн!
Бүгін «Шаңырақ» жазғы сауықтыру алаңында ерекше қойылым – Сықыршы мен Сайқымазақтың көңілді шоуы өтті!
Балалар түрлі ойындар ойнап, би билеп, сайқымазақтармен бірге күлкіге қарық болды. Қызықты трюктер мен тапқыр әзілдер балалардың есте қаларлық күнін ерекше сәнге бөледі!
Кішкентай көрермендеріміздің жүзіндегі шаттық – біздің басты сыйлығымыз!


