Ақпарат » Страница 18 » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТАМАҚТАНУ  АЙДАРЫ
14
январь
2025
ТАМАҚТАНУ АЙДАРЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N 28 жалпы орта білім беретін мектебінің  "Міндетті білім қорынан берілетін тегін ыстық тамақ" күнделікті ас мәзіріне сай дайындалуда. Асхана қызметшілері білімалушыларға дәмді , сапалы ас мәзірі бойынша ас ұсынуда. Білімалушылардың денсаулығы басты назарда!!!!
"Қорықтар туралы"
13
январь
2025
"Қорықтар туралы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  №28 жалпы орта білім беретін мектебінде  2025 жылдың 13 қаңтар күні  Дүниежүзілік қорықтар күніне орай 6 "В " сыныбында  "Қорықтар туралы",  "Алматы обылысының  Қызыл кітабындағы жануарлар"   тақырыбында  фильмдер көрсетіліп  өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін толықтыру, табиғатты қорғауға баулу.  #Біртұтас_тәрбие #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы #Қосымша_білімберу_орталығы
XX «Зерде» республикалық байқауы жүлдегерлері
10
январь
2025
XX «Зерде» республикалық байқауы жүлдегерлері
XX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңіне мектебіміздің 5 «В» сынып оқушылары Балтабай Айшуақ Русланұлы мен Балтабай Нұрай Русланқызы қатысып, өздерін шығармашыл қырынан таныта біліп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Асар асуларың мен бағындырар белестерің көп болғай!
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
09
январь
2025
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес №28 жалпы орта білім беретін  мектеп кітапханасында "Бір кітап"жобасы бойынша Мұхтар Әуезовтің “Қорғансыздың күні” атты әңгімесін оқып қорытындылады. Әңгімеде байырғы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, адамдар арасындағы қым-қиғаш қайшылық,әйел басындағы ауыр хал,қорғансыздардың аянышты ауыр халін, қорғаны жоқ қарапайым адамдардың,жетім баланың тағдыр-тіршілігін шынайы суреттелгені айтылды. #dasbollike
Шымкент Дарыны
09
январь
2025
Шымкент Дарыны
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 06-07 қаңтар аралығында өткен 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пəндер бойыныша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 11 "А" сынып оқушысы Нұралы Ернұр І орын алып, республикаға жолдама алды!                                                                                   9 "Е" сынып оқушысы Классен Таисия биология пәнінен жүлделі ІІІ орын иегері атанды!  Шымкент Дарыны
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
03
январь
2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты Толығырақ: https://www.akorda.kz/.../kasym-zhomart-tokaev-maksatym... #шымкент_қаласы_білім_басқармасы #шымкент_қаласы_әдістемелік_орталығы #шымкент_тәрбие_бөлімі #шымкент_оқуға_құштар_мектеп #shymkenttarbye #ШЫМБҚАҚ #ШЫМДЖБҚК #gani_beisembayev #gabit_syzdykbekov #oqu_agartu_ministrligi   #bilim_shymkent
"Қош келдің Жаңа 2025 жыл" тақырыбында сурет байқауы
30
декабрь
2024
"Қош келдің Жаңа 2025 жыл" тақырыбында сурет байқауы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты№28 жалпы орта білім беретін мектебінде  "Қош келдің Жаңа 2025 жыл" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. 
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
30
декабрь
2024
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
Шымкент қаласы біім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде   1-4  сынып оқушыларының жаңа жылдық мерекеге арналған тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Балаларға   Жаңа жыл мерекесі туралы мағұлматты  жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау  арқылы қоршаған  ортаға  қызығушылығын  арттыру. Балаларды бір-біріне  деген достық  сезімге, сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.         #біртұтас_тәрбие          #Біртұтас_тәрбие_Шымкент        
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
30
декабрь
2024
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
  Жаңа жыл – жүріп өткен жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке. Тарих қойнауына кеткен  2024 жыл тарту еткен барлық жақсылық атаулы жарасымды жалғасын тапсын.    Біз қашан да жаңа жылдан, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Сондықтан да келіп жеткен 2025 жаңа жыл барлық бастамаларыңызға ақ жол ашып, еліміз үшін берекелі болып, барша
“ҚЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ, ЖАДЫМЫЗДА ТОҚИМЫЗ”
30
декабрь
2024
“ҚЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ, ЖАДЫМЫЗДА ТОҚИМЫЗ”
"Оқуға құштар  мектеп жобасы"аясында"Қыста кітап оқимыз,жадымызда тоқимыз" тақырыбында қысқы демалыс уақытын  тиімді пайдалану мақсатында  1-11 сынып оқушылары  оқыған шығармаларынан түсінігін айтып, сыныптастарын кітап  оқуға шақырды. Жобаның мақсаты: оқушылардың  кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырып,кітап оқуға ынтасын  артыру,көпшілік  алдында  өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға ықпал ету. #Оқуғақұштармектепқысқыдемалыста