№ 28 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 28 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы
14
март
2019

№ 28 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы

Мектеп – болашақ   негізін   қалыптастыратын, ел мерейін асқақтатын, елі мен халқын гүлдендіретін, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя.

Мектебіміздің  тарихи басталу кезеңі  1982 жылы 28 желтоқсанда  Шымкент қалалық  халық депутаттар кеңесі №671 АКТ бойынша,  «Күншығыс» мөлтекауданындағы  1176 оқушыға арналған,орыс тілді мектепті пайдалануға беру туралы  шешім қабылданды.

Мектеп өз қызметін  1983 жылдың 12 сәуірінен бастады. 

1983-1986 жылдары аралығында  Цейтлин Григорий Михайлович  мектеп директоры қызметін атқарады.

         1986-1996 жылдары мектептің  директоры болып –Масляк  Виктор Иванович басшылық жасады.

1996-2007 оқу жылдарында мектеп басшылығын –Әлтаева Рауза  Ермаханқызы жүргізді.

2007 оқу жылынан  бастап мектепке басшылық қызметіне –Құрманбекова Қарлығаш Жарқынбековна   мектеп директорының қызметін   атқаруда.

1997-1998 оқу жылы мектепте алғаш рет  қазақ сыныптары ашылды.

Мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті ұстаз екені анық. Әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Мектеп оқушылары   биік  белестерді бағындырып, алдыңғы  қатардан көрініп келеді. Атап  айтар болсақ:

2002 – 2003 оқу жылында Попова Юля Игорьевна –үздік аттестат иегері болды.

2005 – 2006 оқу жылында Қышқали Төлеген Әлибекұлы  «Алтын белгімен»,  Колдасова Маржан Бактихановна «Үздік аттестатпен» аяқтады.

2006 – 2007 оқу жылында Бегайдаров Даулет Меирбекович «Үздік аттестат» иегері аттанды.

2009 – 2010 оқу жылында Мұсаәлі  Бегалы Құрбанәліұлы,Райымбекова Айжан Темірханқызы,   Сейсембаев Едіге Максимұлы  «Алтын белгі» иегері атанса, Қорабай  Ақмарал  Тойбекқызы «Үздік аттестат» иегері болды.

2010 – 2011 оқу жылында Баладин  Айдана Алдиярқызы  мектепті «Алтын белгімен» аяқтады.

2011 – 2012 оқу жылдарында Бақтиярқызы Сара, Бимурзақызы Нұрбану «Алтын белгі» иегері атанды.

2012 – 2013 оқу жылдарында Қарабай Ақнұр Тайбекқызы «Алтын белгіні» иеленді.

2016 – 2017 оқу жылында Маханбет Бауыржан «Алтын белгі» иегері атанды.

2017 – 2018 оқу жылында  Ақбарова Айгерим, Амиржанова  Аделина «Алтын белгіні» иеленсе, Бектурсынова Балауса, Есболова Айжамал «Үздік аттестатқа» аяқтады.

Мектеп 30 жылдан  астам уақыт бойы  жұмыс істеп,оқу мен тәрбие сапасын  көтеруге   үлес қосып  келе жатыр. Осы уақыт аралығында мектеп ұстаздары тынымсыз еңбек пен толассыз ізденістің арқасында  нәтижелі табыстар мен жетістіктерге жетіп келеді.

    Ұлағатты ұстаздардан білім алған шәкірттеріміз бүгінгі таңда абыройлы қызмет атқарып, түрлі салада өнер, спорт, туризм, білім, экономика, қаржы, байланыс салаларында басшылық қызметтер атқарылуда.

Сұлтанов Серик Аскарбекович  М.Әуезов атындығы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік  Университетінің СЖҚХ кафедрасының профессоры.

Корякина  Татьяна   Геннадьевна  «Отырар» телеарнасының  орыс  тіліндегі бағдарламасының басшысы.

Багишева Наталья Марсовна   Шымкент   қаласы  бойынша эндокринология бөлімінің  басшысы. 

Батанова Алия ОҚО натариустар Ассоциясының төрағасы. 

Шавхалова Наталья  Мусаевна – экономика және құқық  колледжінің кафедра  меңгерушісі   

Ткачев Ярослав Геннадьевич – Ақтоғай  қаласындағы  «Қазақмыс» корпорациясының деректорының орынбасары. 

Турадилов Мейірбек – педагогикалық институтының аға оқытушысы.  Нуртазина   Али Владимировна – Қазақстан Республикасына  еңбегі   сіңген тренер,ОҚО  бойынша акробатикадан спорт шебері. 

Байменов Сапар Шеразович  ҚР ҰҚК  «Солтүстік   Шекаралық  Қызмет» аймақтық басқару бөліміндегі штаб бастығының орынбасары. 

Турадилов Мейрбек Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Фролова Лариса Николаевна Липецк қаласындағы ересектер емханасының меңгерушісі.

Алексеенко Алексей Мәскеу қаласындағы құрылыс компаниясының басшысы.

Шарипов Нурмухамед  Әл-Фараби аудандық қылмыстық тергеу бөлімінің басшысы,полковник.

Жазықбаев Ардақ Астана қаласындағы  «Қазақ технология және бизнес» университетіндегі экономика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі

Султанов Серик Аскарович  ОҚМУ доцент, политолог.

Сонымен қатар, мектепті  бітірген түлектеріміз  әлемдік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Олар: 1987ж. Азия ойындары бойынша өткен  жарыста Дедюра Николай ,Шустов Вячеслав ескек есуден 1 – орынға ие болып, «Алтын медальмен» марапатталған.

   Ал, 2000ж. ХХVII жазғы олимпиадасы Сидней қаласында  өткен  жеңіл атлетикадан  Ивонинская Анна  1 – орынды иеленіп, «Алтын медальмен» марапатталады. 

2008ж Гладков  Игорь  XXIX жазғы   Бейжін олимпиадасында  садақ атудан  1 – орынды иеленіп, «Алтын медальмен» марапатталған.


Ұжымның әрбір ұстазы – оқушыларының бойындағы білімге деген құштарлықтан туған шырақты жалынға айналдыра білген нағыз еңбекқор жандар.

Похожие публикации: