Соңғы қоңырау
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Болашақ –жастардікі» тақырыбында «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті. Жыл бойы оқу және тәрбие бағытындағы үздік жұмыс атқарған мұғалімдерге «Үздік –мұғалім», «Үздік –сынып жетекші», «Үздік –ғылыми жоба» номинацияларымен марапатталды.Мектебіміздің өнерлі оқушылары және 11-сынып түлектері өз өнерлерін жиынға келген қонақтар мен оқушыларға паш етті.