АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №28 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде, Шымкент қаласының білім басқармасының 10.12.2024ж №553н/қ хатына сәйкес мына жағдайларды ескертеді: Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізу кезінде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады.