АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ!
19 қыркүйек күні, 2024-2025 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. «Бала тәрбиесінде ата-ананың, мұғалімнің және қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбында өткен ата-аналар жиналысы 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін ұйымдастырылды. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекшеліктері 2. Мектепішілік тәртіп ережелері 3. Мектеп жетістіктері 4. Әр түрлі мәселелер (бірыңғай міндетті мектеп формасы, мектепішілік үйірмелер, т.б.)