Стратегия


Болашаққа бағдарымыз:

Мектеп мәдениеті мен ұжым шығармашылығы ұштасқан, оқушы білімі шыңдалған «Мінсіз мектеп»

Миссиямыз:

Білімді көшбасшылардың жаңа толқынын тәрбиелей отырып, қарқынды дамып келе жатқан еліміздің болашағына үлес қосу

Біздің құндылықтарымыз:

1 Ауызбіршілік пен ымырагершілік

Жасалатын жұмыстың қорытындысы мен нәтижелілігі топтағы адамдардың құрамы, құзыреттілігі мен белсенділігіне, ауызбіршілігі мен ымырагершілігіне байланысты

2 Жауапкершілік

Болашақ үшін алаңдау – өз атқарған ісі мен берген біліміне жауапкершілікпен қарау

3 Көшбасшылық 

Өз оқушыларымыздың санасына «Мен - көшбасшымын» деген сенім ұялата отырып, өз ойын, сезімін, іс-әрекетін басқара алатын, өзгені құрметтейтін тұлға тәрбиелеу

4 Еркіндік

Саналы ұрпаққа ой бостандығы мен сөз бостандығын игерту, өз өмірі мен өз ісінің құндылығын бағалай алуға үйрету

5 Қоғам мүддесіне сай қауымдастық

Тиімді қауымдастықта жұмыс жасауда өз мүддемізді қорғай отырып, өзгенің де қызығушылығын құрметтеу

Стратегиялық бағыттарымыз:

Мақсатымызды іске асыру мен қоғам дамуына үлес қосуға бағытталған 4 стратегиялық бағыт

І Білімді басқару

1 Білім беруде пәнаралық байланыс орнату. Кіріктірілген сабақтар ұйымдастыру

2 Ғылыми жоба қорғауға үйрету

3 Көптілді білім

Нәтижесінде: көшбасшылардың жаңа толқыны, жаһандық жаңалықтарға ашық, қоғамдық жауапкершілікті сезінетін, шығармашыл, болашақты бағдарлай алатын тұлға.

ІІ Мемлекет, қоғам және білімнің дамуына үлес қосу

Нәтижесінде: цифрлі дәуірге бейімделген, білімі мен адами ресурсы ұштасқан, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті тұлға.

ІІІ Тұлға, мәдениет және көшбасшылық

Нәтижесінде: бірлесе жұмыс жасай алатын, ымырашыл, жасампаз, ойлау дағдысының шыңына жеткен, жоғары жауапкершілікті, өзгені құрметтей отырып өз мүддесін қорғайтын көшбасшы.

IV Экомәдениет 

Нәтижесінде: өз болашағына алаңдайтын, қоршаған ортаның жанашыры, адам мен табиғаттың тығыз байланысын түсінетін, құрметтейтін тұлға.