«Тебе, мой Шымкент, посвящаем!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген «Тебе, мой Шымкент, посвящаем!» тақырыбында қалалық балалар шығармашылық фестиваліне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жас ерекшеліктеріне қарай «Палитра Шымкента» сурет байқауынан 2 «Ә» сынып оқушысы Аманкелді Каусар 1 орынды, 3 «Б»сынып оқушысы Тоғайбек Аяулым 2 орынды иеленді.Жетекшісі Г.Е. Амантаева «Алғыс хатпен» марапатталды. 10-сынып оқушылары «Моя сцена» театрлық байқауына қатысып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі Т.Ш.Тухбаева «Алғыс хатпен» марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын! 

Басып шығару