29
август
2020
"Қазақстан Республикасының конституциясына 25 жыл " толуына орай тағайындалған төсбелгісімен марапатталды.

№28 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пән мұғалімі Исабаева Лаура Сейфуллаевна Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жаннат Арысбекқызы Тажиевадан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған "Қазақстан Республикасының конституциясына 25 жыл " толуына орай тағайындалған төсбелгісімен марапатталды.
Исабаева Лаура мектебіміздің білімді, білікті, жас та болса талабы мен таланты мол, шығармашыл мұғалімі. Мектеп ұжымы Лаура Сейфуллаевнаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтап, білім көкжиегінде ұшқан қанаттарың талмасын деп тілек білдіреді!