27
май
2021
«Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар»»
24.05.2021 күні №28 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар»» тақырыбында қалалық дебат турнирі өтті. Мақсаты: Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту.