12
сентябрь
2022
"Ашық есік" күні
2022 жылдың 09 қыркүйегінде Шымкент қаласы 35748 әскери бөлім базасында Танкшілер күніне орай "Ашық есік" күні болып өтті. Аталған іс-шараға №28 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 "Б" жас сарбаздар сыныбы да қатысты. Мектебіміздің оқушылары ашық есік күнінде ауыр әскери техникалармен және қару-жарақ, әскери киім үлгілерімен танысып қайтты.




