ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН
01
октябрь
2022

ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН

ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН
Шымкент қалалық “Опера және балет”театрында «Жарық нұры ғаламның» атты Ұстаздар күні қарсаңында мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады. 
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолда өрлеу мен өсу тілеген қала әкімі М.Әйтенов салтанатты жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен №28 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрманбекова Қарлығаш Жаркынбекқызын марапаттады. 
Құрметті Қарлығаш Жарқынбекқызы!
Сізді, ұстаздар күнімен құттықтаймыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Марапатыңыз құтты болсын!!!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив