1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
01
июнь
2021

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат  Дүйсенбекұлы Әйтенов "Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі" атты мерекелік іс-шарада қаламыздың дарынды да талантты оқушыларын биылғы оқу жылында жеткен жетістіктерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. 
Республикалық конкурстар мен байқаулар жеңімпаздарымен өткен Дендрологиялық саябақтағы кездесуге №28 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 А сынып оқушылары Жанғалиқызы Тоғжан мен Асқарова Нұрай қатысып, қала әкімінің қолынан марапат алу мәртебесіне ие болды. Қаламыздың дарынды оқушыларына қолдау көрсетіп, олардың мерейін асырғаны үшін Шымкент Дарыны орталығының ұжымы мен басшысы Джеренова Раушан Омархановнаға алғыс білдіреміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, әрдайым халық ықыласына бөленіп жүре берулеріңізге тілектеспіз!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив