Абай әлемі адамды адамгершілікке үндеп, білімді болуға бағыттайды. Ұлы ұстаздың жастарға берер дүниесі ұшан теңіз.
Абай әлемі адамды адамгершілікке үндеп, білімді болуға бағыттайды. Ұлы ұстаздың жастарға берер дүниесі ұшан теңіз. Сабақ барысында оқушыларымыз Ұлы ақынымыз жайлы сұрақ-жауаптар арқылы өздеріне керекті мәліметтер жинады. Ақынның өлеңдерін ортаға алып, көркем тілде оқып,жастар жадтарына мәңгі есте қаларлықтай жатқа айтты. "Ақынға қара сөзден өлең оңай", - деп даналарымыз дәріптегендей, Абай атамызға қара өлең де аса қиындық тудырмағаны анық. Ұлы ақынымыздың қара сөзін білмейтін қазақ жоқ болар. Абайды танымай, Ұлы ақынның жырларын оқымай қазақпын деп кеуде керу қазіргі таңда ұятты саналатын заман. Абай атамыздың даналығы мен кемеңгерлігін әрбір қазаққа үлестірсе,елімізде еңселі,елдің жәйін күйіттейтін арда азаматтар өте көп болар ма еді?! Ұлы ақынның әрбір сөзі жүрекке тиіп,көңілге керемет ой салатындай көркем тілде жеткізілген. Ақындықтың шыңына шыққан,қара сөздің қадірін білетін Абай атамыз жастардың көшбасшысы болмақ. Ақының жырларымен-елдің ертеңі, жас бүлдіршіндер бой түзеуде. Сөздің қадірін білер әрбір адам, Абайды оқуда.

 
Басып шығару