«Қылмыссыз балалық шақ»
Тәрбие - отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, отбасына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. «Қылмыссыз балалық шақ» айлық іс-шара аясында №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-6 сыныптар арасында "Менің отбасым-байлығым" тақырыбында эссе байқауы өтті. Оқушылар өз ойларын үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазып, отбасы туралы құнды пікірлермен бөлісті. Сынып жетекшілер Жумабаева Гүлзира және Дариева Жазира ұйымдастырып, қорытындысы бойынша орындар берілді.
 


Басып шығару