ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!! » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!!
15
декабрь
2024

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!!

Құрметті қазақ елі және мектеп ұжымы, Сіздерді  16 желтоқсан Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын !!!  
   Бұл күн — ата - бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. 
Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.   Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. 
    Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз — Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін !!!
Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін !!!
Құрметпен 28 ЖОББМ директоры Юсупова Гульнара Джумагалиевна.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив