"Табиғат тағдыры, адамзат тағдыры"
Табиғат - біздің ортақ үйіміз.
Болашақ ұрпақтарға экологиялық тәрбие мен білім беру - қазіргі таңда өзекті. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Осы мақсатта 2019 жылдың 03 қазан күні мектебіміздің 5-11сыныптар арасында экологиялық сабақтар өткізілді. 10-сыныптар арасында. "Табиғат тағдыры, адамзат тағдыры" тақырыбында география пән мұғалімі Р.Б.Дайрабаева дөңгелек үстел өткізсе, ал 7"Ә" сынып жетекшісі М.Абдраймова оқушылармен мектеп ауласын жасыл баққа айналдыруға үлесін қосуда. 6"Д" сыныбында С.Халаева "Табиғат - тіршілік көзі" тақырыбында тәрбие сағатында табиғатқа жанашырлықпен қарауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
Басып шығару