«Ұлы дала ұрпақтары»
Мектебімізде ғылыми жоба қорғау, ғылыми жобамен айналысу бір жүйеге қойылған үрдіс. Оқушыларымыз қала, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми жоба байқауларына үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырады. Соның бір дәлелі, оқушыларымыздың бүгінгі жеңісі. Мектебіміздің оқушылары кіші ғылым академиясы ұйымдастырған «Ұлы дала ұрпақтары» атты ғылыми байқауынан жүлделі орындармен оралуы. Атап айтар болсақ: Бас жүлде - Қасымхан Нұрғалым 4 «В» сынып оқушысы, жетекшісі – Сарыпбекова Замира. І орын – Елғондин Бекнұр 7 «А» сынып оқушысы, жетекшісі – Айнакулова Айгерім. І орын – Муратова Карина 9 «А» сынып оқушысы, жетекшісі – Джусупова Айгерім, «Жас зерттеуші» наминациясы - 5 «А» сынып оқушылары Келес Нурали, Құралбай Дариға, Курбанова Дилнура, жетекшілері – Мусабекова Шырын, Курманбекова Карлыгаш. Сонымен қатар, осы жеңімпаздарымыз Санк - Петербург қаласында өтетін ХХХХVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына жолдама алды. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Басып шығару