Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабатты адамның бойында қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік сезіледі.Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. "Халықаралық қыздар"күніне орай, 7 "Б" сыныбында "Ибалы-ұл, инабатты-қыз" тақырыбында тəрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі А.А. Натбаева сабақты Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабындағы 149 өсиетті" аса қымбат тәлім-тәрбиелік даналық сөздерді басшылыққа ала отырып, сабақты өрбітті. Имандылық қасиеттер жайлы бейнероликтер тамашалады. Сұрақ-жауап, мақалдың жартысын тап, "Отбасы ағашы" жəне "жағдаяттар" атты əдістерді қолданды. Сабақты қорытындылай келе, əрбір топ мүшелері өз тілектерін жүрекшелерге жазып, киіз үйдің макетіне салды. Ата-аналарға және оқушыларға тəрбие сағаты өте қатты ұнап,өз ойларын ортада ашық айтты.
Шаңырақтарыңызда береке, бірлік, бақыт орын алсын. 
Басып шығару