20
февраль
2025
"ШАБЫТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде "Шабыт" жобасы аясында 1-4 сыныптар арасында «Қыс аруы» шығармашылық байқауы өтті.
Мақсаты:
-Талантты балаларды анықтау және балалардың көңіл-күйін көтеру, ән салу және ырғақтық қабілеттерін, музыкалық талғамын және эмоционалды сезімталдығын дамыту болды.
Қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады, олар әртүрлі номицияларға ие болды. Қазылар алқасына қатысушылардың арасынан ең ақылды, талантты және сүйкімді қызды таңдау оңай болған жоқ.
Номинациялар жеңімпаздарын құттықтаймыз. Байқауға қатысқан барлық қатысушылардың ұстаздарына белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!
