20 НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ» » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 20 НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ»
20
март
2025

20 НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ»

№28  жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлттық спорт» күні аталып өтті. Мектеп оқушылары спорттық киім үлгісімен келіп, сайысқа түсті.
«Наурызнаманың» онкүндігі аясында әр күн түрлі тақырыптарға арналғаны белгілі. Осыған сәйкес, 20 наурыз - Ұлттық спорт күні болып бекітілді.
Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізері анық.
Ұлттық спорт күніне орай, облыстың барлық аймағында ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Ұлттық ойын – халық мұрасы», «Ұлы дала тарландары» тақырыптарында қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту, ләңгі тебу секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив