ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
13
май
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Шымкент қаласы білім басқармасының 06.05.2025 жылғы №265 н/қ бұйрығы негізінде  №28 жалпы орта білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауды және басқа да мектепішілік іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
 - 4,9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға;
 - Аниматорларды, әртістерді шақыруға;
 - Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
 - Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға; 
 - Мейрамханаларға баруға, ойын-сауық орталықтары мен саябақтарға баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға;
 - Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қосымша ақша жинауға.
 ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
 - Оқушыларды қауіпсіздік шараларымен мұқият таныстыру;
 - “2024-2025 оқу жылының аяқталуы” салтанатты іс-шарасына тек бір ғана заңды өкілін қатыстыру;
 - Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау - біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастырайық!
Сұрақтарыңыз болса, 87763339900 нөмірі арқылы қоя аласыздар.
 №28 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры: Юсупова Гульнара Джумагалиевна


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив