«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 21.09.19 күні мектеп директоры К.Ж.Курманбекова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ұжымға семинар өтті. Баяндамасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына тоқталды. Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын атап өтті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51 бабының 7,8 тармақтарына сәйкес педагог өз қызметінде педагогтар әдеп қағидаларын сақтауға,білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар- намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екендігі туралы түсіндірді.
Басып шығару