10
июнь
2025
“Әкелер күніне" арналған іс-шара
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты
N28 жалпы орта білім беретін мектебінде “Әкелер күніне" арналған іс-шара жоспарға сәйкес 2025 жылдың 10 маусым күні әкелер мен ұлдарды қатыстыра отырып «Спорттық отбасы» іс шарасы өткізілді.
Спорт – денсаулық кепілі. Ал спортты өмір салтына айналдырған отбасы – нағыз үлгілі отбасы. “Спорттық отбасы” дегенде, біз ең алдымен бірге жаттығу жасап, серуендеп, түрлі спорттық жарыстарға қатысатын, белсенді өмір сүретін жанұяны елестетеміз. Мұндай отбасылар тек денсаулығын ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынасты, татулық пен ұйымшылдықты да нығайтады.




