13
июнь
2025
Лагерьдің үшінші аптасы – жаңа әсерлер мен серуенге толы!
Бүгін біздің мектеп оқушылары керемет табиғат аясында – дендросаябаққа саяхат жасап, демалып қайтты.
Балалар таза ауада серуендеп, сирек кездесетін өсімдіктерді тамашалап, табиғатпен етене танысты. Әсем көріністер, көңілді ойындар мен достармен бірге өткізген уақыт бұл күнді ұмытылмас сәтке айналдырды!