11
июнь
2025
"Мейірбан қасқырлар" атты әсерлі қойылымы сахналанды
№28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Шаңырақ» жазғы сауықтыру алаңында Шымкент қалалық қуыршақ театр актерлерімен В. Орловтың "Мейірбан қасқырлар" атты әсерлі қойылымы сахналанды. Шығармада мейірім мен жанашырлық, достық пен түсіністік секілді адамгершілік құндылықтар нәзік әрі көркем түрде өріледі. Ерекше сюжет, қызықты оқиға желісі мен жарқын бейнелер арқылы балалардың қиялын оятып, үлкендерге де ой салатын қойылым оқушылардың ыстық ықыласына бөленді. Оқушылар рухани байып білімдеріне білім қосып әсерімен бөлісті.