БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
26
август
2025

БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
       Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменованың төрағалығымен ағымдағы жылдың 26 тамыз күні «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында бірыңғай қалалық педагогикалық кеңес өтті.
№28  жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы педагогикалық кеңеске онлайн режимде бір көзден қатысты.
     Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылының негізгі міндеттері айқындалды:
 оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
 жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу;
 педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы сияқты маңызды мәселелер талқыланды. 
      Педагогикалық кеңесті қорытындылаған басқарма басшысы ұстаздарға нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі!
Екінші бөлімі мектептің педагогикалық жиынымен жалғасты. Педагогикалық кеңес күн тәртібінде:
1. Педагогикалық кеңестің хатшысын, төрағасын сайлау
2. ҚР Оқу-ағарту министрінің және ҚББ-нің оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстыру. 
3. 2024-2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының қортындылары мен 2025-2026оқу жылына педагогикалық ұжымының алдында қойылған міндеттері. Жаңа 2025-2026 оқу жылының жоспарын бекіту. 
4.Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту. 
5.Жеке үйде оқытуды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруді ұйымдастыру туралы 
6.Сынып жиынтығы, сынып жетекшілер, оқу кабинеттері, кабинет меңгерушілерін бекіту. 
7.Мұғалімдердің апталық жүктемесін бекіту. 
8.Оқу жұмыс жоспарын бекіту. 
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, қаулы қабылданды. 
 Жаңа 2025–2026 оқу жылы табысты басталып, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, оқушыларымызға зор жетістік әкелсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив