Ақпарат » Страница 63 » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абай оқулары"
02
март
2019
"Абай оқулары"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Абай оқулары" байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты жастарды қазақтың біртуар ақыны Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтқызу арқылы өнер-білімге,рухани баюға баулу. Бүгін ақынның өнер,білім,ғылым тақырыбында жазылған өлеңдерінен 5-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өз деңгейінде өткізілді.
Шын жүректен мың алғыс
01
март
2019
Шын жүректен мың алғыс
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Алғыс айту» күніне арналған «Жүрек жылуы», «Мейірімді жүрек –жылы тілек», «Шын жүректен мың алғыс» тақырыптарында сынып сағаттары мен дөңгелек үстел өткізілді. «Алғыс айту-парызым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мектепішілік іс-шараға оқушылар белсенді қатысты.
«Тебе, мой Шымкент, посвящаем!»
01
март
2019
«Тебе, мой Шымкент, посвящаем!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген «Тебе, мой Шымкент, посвящаем!» тақырыбында қалалық балалар шығармашылық фестиваліне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
«Сыр сүлейі, жыр дүлейі»
28
февраль
2019
«Сыр сүлейі, жыр дүлейі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары 27.02.2019 күні «Бір ел-бір кітап»акциясы аясында «Жыл кітабы» болып таңдалған Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты поэзия оқу байқауына 10-сынып оқушылары қатысты.
«Өрт қауіпсіздігі»
16
февраль
2019
«Өрт қауіпсіздігі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында апталық іс-шаралар өткізілді. «Өрт қауіпсіздігі», «Балаларды жалғыз қалдырмаңыз», «Өрт –тілсіз жау», «Улы газ» және «Огонь –друг или враг?» тақырыптарында сынып сағаттары 1-11-сыныптар аралығында өткізілді.
Назад 1 ... 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 Вперед