11
октябрь
2020
Стратегиямыз
Мектеп мәдениеті мен ұжым шығармашылығы ұштасқан, оқушы білімі шыңдалған «Мінсіз мектеп» Миссиямыз: Білімді көшбасшылардың жаңа толқынын тәрбиелей отырып, қарқынды дамып келе жатқан еліміздің болашағына үлес қосу. Біздің құндылықтарымыз:
- Ауызбіршілік пен ымырагершілік. Жасалатын жұмыстың қорытындысы мен нәтижелілігі топтағы адамдардың құрамы, құзыреттілігі мен белсенділігіне, ауызбіршілігі мен ымырагершілігіне байланысты
- Жауапкершілік Болашақ үшін алаңдау – өз атқарған ісі мен берген біліміне жауапкершілікпен қарау
- Көшбасшылық Өз оқушыларымыздың санасына «Мен - көшбасшымын» деген сенім ұялата отырып, өз ойын, сезімін, іс-әрекетін басқара алатын, өзгені құрметтейтін тұлға тәрбиелеу
- ЕркіндікСаналы ұрпаққа ой бостандығы мен сөз бостандығын игерту, өз өмірі мен өз ісінің құндылығын бағалай алуға үйрету
- Қоғам мүддесіне сай қауымдастықТиімді қауымдастықта жұмыс жасауда өз мүддемізді қорғай отырып, өзгенің де қызығушылығын құрметтеуСтратегиялық бағыттарымыз:Мақсатымызды іске асыру мен қоғам дамуына үлес қосуға бағытталған стратегиялық бағыт
- Білімді басқару
- Білім беруде пәнаралық байланыс орнату. Кіріктірілген сабақтар ұйымдастыру
- Ғылыми жоба қорғауға үйрету
- Көптілді білім Нәтижесінде: көшбасшылардың жаңа толқыны, жаһандық жаңалықтарға ашық, қоғамдық жауапкершілікті сезінетін, шығармашыл, болашақты бағдарлай алатын тұлға.
Мемлекет, қоғам және білімнің дамуына үлес қосу- нәтижесінде: цифрлі дәуірге бейімделген, білімі мен адами ресурсы ұштасқан, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті тұлға.
- Тұлға, мәдениет және көшбасшылық Нәтижесінде: бірлесе жұмыс жасай алатын, ымырашыл, жасампаз, ойлау дағдысының шыңына жеткен, жоғары жауапкершілікті, өзгені құрметтей отырып өз мүддесін қорғайтын көшбасшы.
Экомәдениет- нәтижесінде: өз болашағына алаңдайтын, қоршаған ортаның жанашыры, адам мен табиғаттың тығыз байланысын түсінетін, құрметтейтін тұлға.