№ 28 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы
Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтатын, елі мен халқын гүлдендіретін, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Мектебіміздің тарихи басталу кезеңі 1982 жылы 28 желтоқсанда Шымкент қалалық халық депутаттар кеңесі №671 АКТ бойынша, «Күншығыс» мөлтекауданындағы 1176 оқушыға арналған,орыс тілді мектепті пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.