Жазғы мектепте » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
июнь
2022

Жазғы мектепте

№28 жалпы орта білім беретін мектебінде жазғы мектеп 26 мамыр - 17 маусым аралығында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші негізінде өткізілуде. Негізгі мақсаты: білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру.  
 Жазғы мектепте олқылықтардың орнын толтырудың кешенді жоспары жасалынды. Жоспар бойынша ата- аналармен, педагогикалық ұжыммен жиналыс өткізіліп,
оқушыларымыз үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылды. 
 Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында мынадай іс шаралар да қоса атқарылады:  📚Оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» сағаты;
🖊Мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау  арқылы «Бірге оқимыз» жобасын іске асырылуда.
🗓Білім алушыларға арналған жеке кеңестер ұйымдастыру;
🧑🏻‍🎓олимпиадалық резервке кіретін оқушылармен жұмыс жүргізу үшін «Олимпиада мектебі» де қарастырылған;
🎭🎷🎨Дебат, шахмат, т.б қосымша үйірмелер жүргізілуде.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив