06
сентябрь
2019
"Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 06.09.19 күні ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02 қыркүйек күні жолдаған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты тақырыптағы жолдауын мектеп директоры К.Ж.Курманбекова ұжымға таныстырып, көтерілген мәселелер талқыланды. Жолдауда экономикамыздың өсуі мен қаржылық мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру міндетін алға тартқан. Көтерілген мәселелердің барлығы маңызды,соның ішінде ерекше қуантатыны білім мен ғылымды қолдап, мұғалімдердің еңбек ақысын келесі жылдан бастап 25 пайызға өсірілетіндігі және төрт жыл көлемінде педагог кадрлардың еңбек ақысы екі есе өсетіндігі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын баса айтты. Жолдаудағы көтерілген идеялар мен қойылған міндеттерді мұғалімдер қауымы толық қолдай отырып, ойларын білдірді.





