балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық
03
декабрь
2022

балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Осы мақсатта №28 жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларының Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Әбдібай Дәулет Зиядинханұлымен, полиция аға лейтенанты М.Т.Умбетаевпен, полиция аға лейтенанты Б.Баекбаевпен кездесуі өткізілді. 
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәлім-тәрбие жөнінде сөз өрбітіп, баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасының дұрыс болмауы, көптеген жағдайларда сыныптас балалардың өзіне деген нашар көзқарасын жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсетінін, сол себептен осындай балалар өзінің беделін басқа ортадан іздеп, не күшпен беделге ие болу жақтарын қарастыратынын, мұның соңы құқық бұзушылыққа, қылмысқа апаратынын түсіндіре келе, үлкен-кішіге сыйластық танытып, бір-біріне қамқор болып, үлгі көрсетіп, шешуі қиын  мәселелерді сынып жетекшісімен, не өзіне жақын мұғалімдерімен шешуге тырысса, ешқандай қылмыстың, оқыс оқиғалардың болмайтынын айтып өтті.
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив