ӘКЕ — ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘКЕ — ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
11
июнь
2025

ӘКЕ — ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

 №28 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 «Г» және 4 «Б» сынып оқушыларының әкелерінің қатысуымен «Әке – отбасының тірегі» атты тағылымды кездесу-жиналыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
– Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің маңызын ұғындыру;
– Әке мен бала арасындағы өзара сыйластық пен сенімді нығайту;
– Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы әке орнының отбасындағы ерекше орнын көрсету;
– Оқушылар бойында әкеге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру;
– Балалардың ата-аналарға деген жылы қарым-қатынасын тәрбиелеу, олардың өміріндегі ата-ананың орнын түсіндіру.
Жиын барысында әкелер балаларына жүрекжарды тілектерін арнап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әкелердің бала тәрбиесіндегі алатын орны, әсіресе ер балаларға бағыт-бағдар беріп, жауапкершілікке, еңбекке, елжандылыққа баулудағы рөлі кеңінен сөз болды.
Әр отбасының тірегі саналатын әкелер – тек асыраушы ғана емес, ең бірінші кезекте баланың үлгі тұтар тұлғасы, ақылшысы әрі қамқоршысы. Осындай кездесулер – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ортақ міндеттің орындалуына ықпал етеді.
Кездесу соңында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Көптеген ата-аналар бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың жалғасын табуына тілектестігін білдірді.
Іс-шараға белсене қатысқан барша әкелерге алғысымызды білдіреміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив