19
июнь
2025
Бітірушілеріне аттестат табыстау салтанатты іс-шарасы өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сынып бітірушілеріне аттестат табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.
Бұл — әрбір түлек үшін аса маңызды, жүрекке жылы, есте қаларлық күн. Салтанатты жиын әсем безендірілген мектеп алаңында ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күймен басталды. Іс-шараға түлектер, ата-аналар, ұстаздар қатысты.
Жиында мектеп директоры Г.Д,Юсупова құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, өмірде сәттілік тіледі. Сонымен қатар, "Алтын белгі" мен "Үздік аттестат" иегерлерін ерекше атап өтіп, олардың табыстары көпшілікке үлгі екенін жеткізді.
№28 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сынып бітірушілерінің саны - 128.
Оның ішінде:
6 - "Алтын белгі" ,
2- "Үздік аттестат".
Барлық бітіруші түлектерге салтанатты түрде аттестаттар табысталды.
Сынып жетекшілері жүрекжарды тілектерін айтып, шәкірттеріне болашаққа сеніммен қадам басуға шақырды. Олар әр түлектің жетістігіне қуанып, алдағы өмір жолында жарқын жеңістер тілеп, ақ баталарын берді.
Түлектердің ата-аналары да ұстаздарға алғыс білдіріп, ұзақ жылғы еңбектері мен бала тәрбиесіне сіңірген үлестері үшін шынайы ризашылықтарын жеткізді. Олардың толқынысқа толы жылы лебіздері шараға ерекше әсер сыйлады.
Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына алғыс айтып, балалық шақпен қоштасу сезімдерін әнмен жеткізді. Аттестат табыстау кеші әсерлі де мазмұнды сәттерге толы болып, барша қатысушылардың жүрегінде жарқын естелік болып қалды.
Ақ жол бітіруші түлектер!




















