15
март
2025
15-НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ!
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі.Халқымызда "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің "деген тағылымды нақыл сөзі бар.Қайырымдылық ізгіліктің,адамдың адамға деген таза ниетін,адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "№28 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 15 наурыз күні "Наурызнама" онкүндік іс-шарасының жоспарына сәйкес "Жылы жүрек" тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясына мектеп ұжымы бір кісідей атсалысты.
Ізгіліктің бастауы-қайырымдылық. Қолынан келген көмегін аямай,акцияға қолдау білдіріп,көмек қолын созған ұжым мүшелеріне, демеушілік танытқан алтын жүректі жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету –халқымыздың қанында бар қасиет.