Ақпарат » Страница 3 » «N28 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«№28 жалпы орта білім беретін мектеп»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-84
E-mail:
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жазғы лагерь " ШАҢЫРАҚ "
17
июнь
2025
Жазғы лагерь " ШАҢЫРАҚ "
Әдет - ғұрып және салт-дәстүр орталығы  #жазғыдемалыс2025 #біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Шымкент #Шымкент_қаласы_әдістемелік_орталығы #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы #Жаз2025 #бақыттыбалалықшақ
«ӘКЕЛЕР КҮНІ»
16
июнь
2025
«ӘКЕЛЕР КҮНІ»
«Tarbie» челенджі  «Tarbie» челенджі – Әке мен баланың бірлігі! Бүгін мектебімізде ерекше «Tarbie» челенджі өтті. Оқушылар мен олардың әкелері бірге күнделікті тұрмыстық істерді атқарып, отбасы құндылықтарын нығайта түсті. Осындай бірлескен әрекеттер әке мен баланың арасын жақындатып қана қоймай, жас ұрпаққа өмірлік дағдыларды меңгеруге үлкен мүмкіндік береді.  Тәрбие — сөзбен емес, үлгімен беріледі!  Челенджден қызықты сәттерді суреттерден көре аласыздар! #Tarbie #TarbieChallenge
«EduCampShym» жобасы
13
июнь
2025
«EduCampShym» жобасы
№28 жалпы орта білім беретін мектебінде  10 -сынып оқушылары  Шымкент қаласында  «EduCampShym» жобасы аясында  ұйымдастырылған  Оңтүстік  Қазақстан  медицина академиясы  базасымен  танысуда.  Оқушылар күн сайын түрлі бөлімшелерде: спорттық тренажер залы, зертхана , асхана, «Физиологиялық лаборатория»,  әскери кафедрада экскурсияда болды .  Әр бөлімшенің өз жұмысы мен мақсаты туралы академия мамандары тыңғылықты ақпараттар беруде . Жазғы лагерь барысында көптеген оқушыларымыздың медицинаға деген
Лагерьдің үшінші аптасы – жаңа әсерлер мен серуенге толы!
13
июнь
2025
Лагерьдің үшінші аптасы – жаңа әсерлер мен серуенге толы!
Бүгін біздің мектеп оқушылары керемет табиғат аясында – дендросаябаққа саяхат жасап, демалып қайтты.  Балалар таза ауада серуендеп, сирек кездесетін өсімдіктерді тамашалап, табиғатпен етене танысты. Әсем көріністер, көңілді ойындар мен достармен бірге өткізген уақыт бұл күнді ұмытылмас сәтке айналдырды!  #ЖазғыЛагерь2025  #Дендросаябақ  #ТабиғатҚойнында  #ЖазғыДемалыс #МектепОқушылары  #ЖаңаӘсерлер
«Мейіргер ісі»
13
июнь
2025
«Мейіргер ісі»
№28 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жазғы лагерь барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына кезекті экскурсияға барып қайтты. Бұл жолы оқушыларымыз «Мейіргер ісі» бойынша қабылдау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, презентация арқылы оқуға қабылдау шарттарымен танысты.
Цирк — бала көңілдің шаттық мекені!
11
июнь
2025
Цирк — бала көңілдің шаттық мекені!
Бүгін “Шаңырақ” жазғы лагерінің демалушылары үшін ерекше күн болды! Балалар көңілді оқиғалар мен ғажайыпқа толы әлемге саяхат жасап, Оңтүстік циркке барып қайтты.  Шебер акробаттар мен күлкілі клоундар, таңғажайып трюктер мен жарқын сахналық қойылымдар — барлығы да балалардың көңілін бір серпілтіп, ұмытылмас әсер сыйлады.  Цирк – тек өнер емес, бұл – қиял мен күлкіге толы сиқырлы әлем. Балалардың жүзіндегі шаттық күлкі мен жарқын көзқарас – осы керемет күннің ең үлкен жетістігі! #Шаңырақ Лагері
ӘКЕ — ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
11
июнь
2025
ӘКЕ — ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
 №28 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 «Г» және 4 «Б» сынып оқушыларының әкелерінің қатысуымен «Әке – отбасының тірегі» атты тағылымды кездесу-жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: – Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің маңызын ұғындыру; – Әке мен бала арасындағы өзара сыйластық пен сенімді нығайту; – Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы әке орнының отбасындағы ерекше орнын көрсету; – Оқушылар бойында әкеге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру; – Балалардың ата-аналарға деген
"Мейірбан қасқырлар" атты әсерлі қойылымы сахналанды
11
июнь
2025
"Мейірбан қасқырлар" атты әсерлі қойылымы сахналанды
№28 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Шаңырақ» жазғы сауықтыру алаңында Шымкент қалалық қуыршақ театр актерлерімен     В. Орловтың "Мейірбан қасқырлар" атты әсерлі қойылымы сахналанды. Шығармада мейірім мен жанашырлық, достық пен түсіністік секілді адамгершілік құндылықтар нәзік әрі көркем түрде өріледі. Ерекше сюжет, қызықты оқиға желісі мен жарқын бейнелер арқылы балалардың қиялын оятып, үлкендерге де ой салатын қойылым  оқушылардың ыстық ықыласына бөленді. Оқушылар рухани байып
Оңтүстік Қазақстан медицина академия
11
июнь
2025
Оңтүстік Қазақстан медицина академия
2025 жылдың  05 маусым күні  10 "Ә",10 "Б"сынып оқушыларымен кәсіби бағдарға бағытталған жазғы лагерь аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына  бардық. Академияның кітапханасы мен  зертханасын аралап,шығармашылық жұмыстарымен таныстық.  
Күлкі мен шаттыққа толы күн!
11
июнь
2025
Күлкі мен шаттыққа толы күн!
Бүгін «Шаңырақ» жазғы сауықтыру алаңында ерекше қойылым – Сықыршы мен Сайқымазақтың көңілді шоуы өтті! Балалар түрлі ойындар ойнап, би билеп, сайқымазақтармен бірге күлкіге қарық болды. Қызықты трюктер мен тапқыр әзілдер балалардың есте қаларлық күнін ерекше сәнге бөледі!  Кішкентай көрермендеріміздің жүзіндегі шаттық – біздің басты сыйлығымыз! #шымкент_қаласы_білім_басқармасы #Шымкентәдістемелікорталық #біртұтас_тәрбие  #Біртұтас_тәрбие_Шымкент #QR_Oqu_agartu_ministrligi