Бітірушілеріне аттестат табыстау салтанатты іс-шарасы өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сынып бітірушілеріне аттестат табыстау салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл — әрбір түлек үшін аса маңызды, жүрекке жылы, есте қаларлық күн. Салтанатты жиын әсем безендірілген мектеп алаңында ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күймен басталды. Іс-шараға түлектер, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Жиында мектеп директоры Г.Д,Юсупова құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, өмірде сәттілік тіледі. Сонымен